Менің ойымша, халықтар арасындағы келісім бір рет қабылданатын шешім емес, күн сайын жасалатын таңдау. Адам өз сөзінде, әрекетінде сабыр сақтай білсе, сол арқылы татулықты нығайтады. Өзге ұлт өкілінің көзқарасын түсінуге тырысу – әлсіздік емес, керісінше рухани күш. Біз кейде айырмашылыққа тым көп мән береміз де, ортақ құндылықтарды ұмытып кетеміз. Ал шын мәнінде барлығымызды біріктіретін нәрсе көп: еңбек, отбасы, болашаққа деген үміт. Осыларды сезінген кезде адамдар бір-біріне жақындай түседі. Келісімнің берік болуы әр адамның ішкі мәдениетіне байланысты деп ойлаймын.
Оралбек Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
