Менің ойымша, халықтар арасындағы достық ұранмен емес, қарапайым өмір арқылы қалыптасады. Біз күнде көріп жүрген көршілерімізбен, әріптестерімізбен, таныстарымызбен қарым-қатынас жасау барысында татулықты нығайтамыз. Әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірінің дәстүрін құрметтеп, мерекелерін бірге атап өтсе, арада сенім пайда болады. Қазақстанда осындай қарым-қатынас қалыптасқан. Бұл – үлкен жетістік. Татулық бар жерде адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды. Сондықтан келісім – біздің күнделікті өмір салтымыз деп айта аламын.
Қуанышбек Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
