Интернационал отбасы – бірліктің айнасы
Қазақстанда интернационал отбасылар аз емес. Мұндай отбасыларда бірнеше мәдениет пен дәстүр үйлесім табады. Балалар бірнеше тілді естіп өседі, түрлі салт-дәстүрді құрметтеуді үйренеді. Бұл – үлкен байлық. Отбасындағы татулық қоғамға да оң әсер етеді. Осындай шаңырақтар елдегі бірліктің шынайы үлгісі деп білемін. Себебі махаббат пен сыйластық ұлтқа бөлінбейді.
Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы