Достық пен татулық – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыздың негізі. Үлкеннің ақылын тыңдау, кішіге қамқор болу, көршімен тату тұру – осының бәрі келісімнен бастау алады. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір кездейсоқ пайда болмайды, ол күнделікті қарым-қатынастағы сыйластықтан қалыптасады. Әр адам өз ортасында түсіністік пен сабыр көрсете білсе, жалпы қоғамда да үйлесім сақталады.
Жандос Талдин – Өркен ауылы ЖОББМ директоры