Достық пен келісім – тек бүгінгі күн үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де аса маңызды құндылық. Бала қандай ортада, қандай құндылықтарды көріп өссе, солай қалыптасады. Егер ол түрлі ұлттың баласымен бірге ойнап, қатар оқыса, араздық пен бөлінуді ешқашан қабылдамайды.
Біздің қоғамның күші – оның алуан түрлілігінде. Әр ұлттың тарихы мен мәдениеті ортақ рухани байлықтың ажырамас бөлігі. Бірліктің шынайы қадірін тыныш заманда емес, қиындық туындаған сәтте тереңірек түсінеміз. Сондықтан татулықты алдын ала сақтап, оны нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Өзгенің көзқарасын құрметтеу – өз пікіріңнен бас тарту емес, керісінше тұлғаны байытатын қасиет. Достық жүректегі жарықты арттырады, ал жарық көп жерде үміт те мол болады. Сондықтан халықтар достығы – мәңгілік әрі баға жетпес құндылық.
Оралбек Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
