Менің ойымша, Қазақстан – халықтар достығының айқын үлгісі. Біздің елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Әр халық өз мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосуда. Бұл – нағыз келісімнің көрінісі.

Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық кездейсоқ қалыптасқан жоқ. Ол – өзара құрметке, сенімге және ортақ құндылықтарға негізделген. Мұнда адамдар бір-біріне ұлтына қарап емес, адамгершілігіне қарап баға береді. Осындай ортада өмір сүру – үлкен бақыт деп есептеймін.

Халықтар арасындағы достық елдің болашағын жарқын етеді. Бірлігі бекем ел ғана қиындықтарды жеңіп, алға нық қадам басады. Сондықтан Қазақстандағы келісім мен татулық – ең басты ұлттық байлығымыз. Асем Гизат- волонтер