Халықтар достығы – рухани байлық

Рухани байлық тек материалдық жетістіктермен өлшенбейді. Ол ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынастан, өзара сыйластықтан көрінеді. Халықтар достығы – сол рухани байлықтың айқын көрінісі.

Әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрі қоғамды байыта түседі. Осындай алуан түрлілік бір-біріне қарсы емес, бірін-бірі толықтырған кезде ғана шынайы бірлікке қол жеткізуге болады.

Достық пен келісім сақталған ортада адамдар өздерін қауіпсіз әрі сенімді сезінеді. Бұл – қоғам дамуының басты шарттарының бірі.
М.Нұғманов-Кіші түкті ОМ директоры