Халықтар арасындағы достық пен өзара сыйластық – ел дамуының берік іргетасы. Әртүрлі ұлт өкілдерінің татулықта өмір сүруі қоғамға тұрақтылық пен сенім сыйлайды. Бірлік бар жерде бейбітшілік орнап, ортақ мақсаттарға жету оңай болады.

Әр халықтың тілі, мәдениеті мен дәстүрі – ұлттың рухани байлығы. Сол құндылықтарды құрметтеу арқылы адамдар бір-біріне жақындай түседі. Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында өмір сүруі – өзара түсіністік пен келісімнің айқын көрінісі. Бұл – халқымыздың ең үлкен жетістіктерінің бірі.

Жастардың бойында толеранттылық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Ашық көзқарас, өзара қолдау мен жауапкершілік қоғамды алға жетелейді. Халықтар достығы сақталған елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз.

Серік Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі