Әртүрлі ұлт, тіл, дін өкілдері бір қоғамда өмір сүріп жатқан кезде өзара түсіністік пен сыйластық болмаса, даму да, тыныштық та болмайды. Сондықтан халықтар достығы — жай ғана әдемі ұғым емес, ол күнделікті өмірде қажет болатын құндылық.
Бірлік бар жерде сенім бар. Ал сенім адамдарды жақындастырады, ортақ мақсатқа жетелейді. Әртүрлі мәдениет пен дәстүрді тану арқылы адам өз дүниетанымын кеңейтеді, өзгеге құрметпен қарауды үйренеді. Бұл — қоғамның рухани өсуінің белгісі.
Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл келісім кездейсоқ пайда болған жоқ. Ол — өзара түсіністікке, тарихты құрметтеуге және ортақ жауапкершілікке негізделген. Халықтар достығы сақталған жерде елдің болашағы да нық болады деп ойлаймын.

Данияр Жетпісов- Зеренді ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы