Жастар – елдің ертеңіне айна. Сондықтан да олардың бойына татулық пен өзара құрмет құндылықтарын дарыту – маңызды міндет. Бүгінде түрлі этностардың өкілдері бір алаңда бас қосып, ортақ жобаларда күш біріктіруде. Мұндай ынтымақтастық жастарды жақындастырып қана қоймай, бір-бірін тереңірек түсінуге жол ашады. Волонтерлік, спорттық бастамалар мен шығармашылық жобалар – олардың арасындағы сенімді нығайтатын көпір. Әр тіл – ұлттың байлығы, әр дәстүр – ортақ мектеп. Жастар бір-бірінен үйреніп, ашықтық пен сыйластықты басшылыққа алғанда ғана қоғам ілгерілейді. Басты мақсат – алауыздыққа жол бермеу. Достық атмосферасы қалыптасқан ортада радикалды көзқарастарға орын жоқ. Келісім – білімді әрі белсенді жастардың саналы таңдауы болуы тиіс.
Данияр Жетпісов, Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
