Бұл бастама мемлекетті басқарудың посткеңестік үлгісінен бас тартып, адам құқықтары мен бостандықтарын басты құндылық ретінде алға қоятын, әділетті әрі жауапты мемлекет құруға бағытталғанын көрсетеді.
Жаңа Конституция жобасы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, олардың өзара жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұл – демократиялық институттарды күшейтуге, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Сонымен қатар, конституциялық реформаларды әзірлеу және талқылау барысында қоғамның кеңінен қатысуына ерекше мән берілуі – билік пен халық арасындағы сенімді арттыратын оң үрдіс. Ашық диалог пен азаматтық белсенділік жаңа Негізгі заңның мазмұнын байытып, оны шынайы халықтық құжатқа айналдырады.
Осы тұрғыда, конституциялық реформалардың табысты жүзеге асуы тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өткен жөн. Азаматтардың құқықтық санасы мен белсенді ұстанымы реформалардың нақты нәтижеге жетуіне негіз болады.
Г.Ибраева – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы
