Түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсат пен ортақ мүддеге ұмтылуы елге ерекше үйлесім мен жылы атмосфера сыйлайды. Мұндай ортада өзара сенім беки түсіп, қолдау мәдениеті қалыптасады.
Күнделікті тұрмыста халықтар достығы қарапайым ілтипаттан басталады: жылы сөз, дер кезінде көрсетілген көмек, қуанышты бөлісу. Осындай кішігірім, бірақ мәнді әрекеттер қоғамда жағымды көңіл күй қалыптастырып, адамдарды одан әрі жақындастырады.
Достық пен келісім берік сақталған ортада болашаққа деген сенім де күшейеді. Себебі татулығы жарасқан халық қашанда алға ілгерілеп, жаңа жетістіктерге қол жеткізеді.
Берік Габдульманов- “Қазақтелеком” АҚ электромонтеры
