Құжатта адам құқықтары мен еркіндіктерін күшейту, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру және мемлекеттік органдардың қызметін ашық етуге арналған нормалар айқын көрініс тапқан. Әсіресе әлеуметтік кепілдіктер, білім алу құқығы, тілдік саясаттағы теңдік принципі сияқты бөлімдердің нақты әрі түсінікті жазылуы қоғамның әртүрлі топтарының мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.

Жоба түбегейлі өзгерістерді емес, қолданыстағы құрылымды жетілдіруді көздейді. Бұл тәсіл тұрақтылықты сақтау арқылы біртіндеп жаңғыртуға жол ашады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасы елдің саяси және әлеуметтік даму бағытына сәйкес келетін, қоғамның сенімін арттыруға ықпал ететін құжат ретінде бағалануы мүмкін.

Серік Баймурзин, Зеренді ауданы билер алқасының бас биі