Онда билік тармақтарының теңгерімін нақтылау, халықпен кері байланысты күшейту және мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыруға қатысты нормалар қамтылған. Бұл өзгерістер елде демократиялық мәдениетті нығайтуға, жауапкершіліктің айқын болуына және мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне оң ықпал етуі мүмкін.
Сонымен қатар жобада әлеуметтік саясат мәселелерінің кең қамтылуы — тұрғын үй құқығы, жалақының төменгі мөлшерін белгілеу, білім беру саласындағы кепілдіктер — қоғамның әл-ауқатына бағытталған нақты қадамдарды көрсетеді. Бұл – азаматтардың өмір сапасын арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды элементтер. Жоба жалпы алғанда қоғамның дамуына оң серпін беретін құжат ретінде қарастыруға болады.
Оралбек Бекішев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
