Достық пен келісім – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Көпұлтты елімізде әр халық өз дәстүрін сақтай отырып, ұлттық ерекшелігін білдіре алады, алайда бәрін біріктіретін ортақ құндылық – бірлік. Осындай бірлік өзара сенімділікті нығайтып, қоғамдағы бейбіт өмірді қамтамасыз етеді.
Халықтар арасындағы достық түрлі мәдени іс-шаралар мен жобалар арқылы көрініс табады, ал балалар мен жастар осы ортада өсіп, бір-бірін қолдауды, сыйластықты және мейірімділікті үйренеді. Түсіністікке негізделген қоғамда қайшылық азаяды, ал әр азамат келісімді сақтауға жауапты болады. Осылайша достық пен татулық елдің жарқын болашағын қамтамасыз ететін басты құндылыққа айналады.
Қазақстандағы халықтар бірлігі мәдени байлықты арттырып, мемлекетіміздің абыройын күшейтеді және болашақта да ел дамуының негізгі тірегі болып қала береді.
Сандуғаш Калиева -волонтер
