Қоғамдағы өзгерістер мен заман талабына сай келетін бұл құжат мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа Конституцияда халықтың мүддесі, құқықтары мен бостандықтары айқын көрініс тауып, басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігіне баса назар аударылады.
Бұл өзгерістер елімізді жаңғыртып, демократиялық қағидаттардың нығаюына, әділдік пен жауапкершіліктің артуына жол ашады. Сондықтан жаңа Конституцияны қолдау – Қазақстанның жарқын болашағын, әділетті қоғамды және өркендеген мемлекетті қолдау деп білемін.
Оралбек Бекішев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
