Бала қандай ортада өссе, соған қарай қалыптасады: түрлі ұлттың баласымен бірге ойнап, қатар білім алған өскелең ұрпақ араздық пен жікке бөлінуді қабылдамай, бірлік пен сыйластықты өмірлік ұстаным ретінде бойына сіңіреді.
Қоғамымыздың күші – оның алуан түрлілігінде. Әр ұлттың тарихы мен мәдениеті ортақ рухани байлығымызды құрайды. Бірліктің шынайы маңызын тыныш кезеңде емес, қиындық туған сәтте тереңірек сезінеміз. Сондықтан татулықты уақытында сақтап, оны күн сайын нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Өзгенің көзқарасын құрметтеу – өз пікіріңнен бас тарту емес, керісінше адамды кемелдендіретін қасиет. Достық жүректегі жарықты күшейтіп, үмітке жол ашады. Сол себепті халықтар арасындағы достық пен келісім – қоғамды біріктіретін, болашақты жарқын ететін мәңгілік әрі баға жетпес құндылық.
Оралбек Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
