Халықтар бір-бірін құрметтеген сайын олардың арасында сенім қалыптасып, сол сенім елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың нығаюына ықпал етеді. Әр ұлт өз мәдениетін таныстырып, өзге халықтардың дәстүрін тануға мүмкіндік алып, бір-бірінің рухани байлығын тереңірек бағалайды.

Келісім адамдарды мейірімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеп, кез келген даулы мәселені өзара түсіністік пен ашық диалог арқылы шешуге жол ашады. Халықтар достығы елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын жеделдетіп, әр азаматтың өзін қауіпсіз әрі қажетті сезінуіне жағдай жасайды.

Өзара құрмет бар жерде татулық та сақталады. Достықтың негізіндегі шынайылық пен адалдық халықтар арасындағы бірлікті нығайтып, келешекті жарқын етуге мүмкіндік береді. Сондықтан халықтар арасындағы келісімді сақтау – әрбір азаматтың ортақ борышы.

Қуанышбек Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі