Бұл процесс бізге өз пікірімізді айтуға мүмкіндік береді және елдің болашағына тікелей қатысудамыз деген сезім береді.

Мен үшін бастысы – қоғамдағы бейбітшілік, балаларымыздың қауіпсіздігі және келешек ұрпаққа қолайлы жағдай жасау. Конституция осындай мақсаттарды қолдайтын құжат болып көрінеді.

Жаңа қоғамдық институттар мен талқылау алаңдарының құрылуы халық пен билік арасындағы байланысты жақсартады. Бұл әр адамның дауысы ескерілетінін, елдегі өзгерістер ашық түрде жүргізілетінін көрсетеді.

Менің ойымша, жаңа Конституция – еліміздің дамуына, адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең болуына бағытталған құжат. Ол қоғамның бірлігін нығайтып, елді сенімді әрі тұрақты күйде ұстайтын маңызды қадам.
Ж.Мұғжанов – Зеренді ауданының Құрметті азаматы