Жаңа Конституция: өндіріс орындарындағы жұмысшыларғанақты кепілдіктер

Жаңа Конституция нені меңзейді: Еңбек адамы  мемлекеттіңбасты құндылығы

Әділ еңбекқауіпсіз жұмыслайықты жалақыМаксим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағыадамдар үшін нақты, өмірлік мәнге ие. Бұл туралы Конституциялықреформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжілісдепутаты Максим Рожин мәлімдеді.

«Еңбек адамы – экономиканың құралы емес, мемлекеттің бастықұндылығы. Жаңа Конституция жобасының негізгі идеясы — мемлекетүшін ең қымбат нәрсе өндіріс көлемі немесе пайда емес, адамның өзі. Жобада әркімнің: еңбек етуге, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге, еңбегіүшін кемсітусіз әділ ақы алуға құқығы конституциялық деңгейдебекітіледі», – деді ол өз сөзінде.

Максим Рожинның айтуынша, жаңа Ата заңның жобасында еңбек саласына тікелей қатысты бірқатар маңызды жаңашылдықтар қарастырылған. Соның ішінде мемлекеттің еңбекке құқықтыконституциялық деңгейде бекітуі ерекше маңызға ие. Сондай-ақ қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықты заң жүзінде айқындау көзделген. Бұл нормалар жұмыс барысында туындауы мүмкін кәсіби аурулардың алдын алуға, өндірістік жарақаттануды азайтуға, сондай-ақ азаматтардың еңбекке қабілеттілігі мен өмір сапасын сақтауға бағытталған. 

«Мұндай нормалар еңбек қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік міндетін – мемлекет пен жұмыс берушінің конституциялық міндеті деңгейіне көтереді. Әсіресе негізінен жалдамалы жұмыскерлерден тұратын әлсіз салаларды реттеудің нақты тетігін қалыптастырады», –деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Адал еңбек үшін әділ сыйақы алу құқығының әлеуметтік маңызы зор. Бұл норма азаматтардың еңбегі кәсіби өлшемдерге сай әділ бағаланатынына кепілдік береді. Рожинның айтуынша, қарапайым азаматтар үшін бұл тұрақты жұмыспен қамтылу, қауіпсіз еңбек жағдайлары және еңбегі үшін әділ ақы алуға деген сенімнің нығаюын білдіреді.