Бүгін ZOOM режимінде өткен кеңесте аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері жаңа Конституцияның жобасын талқылады.
Кеңестің жұмысын ашып, жүргізген мәслихат төрағасы Райхан Ғабдуллина еліміздің басты Заңындағы негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі баяндап өтті.
Талқылау барысында депутаттар адам құқықтары мен құқық қорғау тетіктері мәселелеріне, жаңа бір палаталы Парламенттің құрылуына және жобаның басқа да тармақтарына жеке тоқталды.
Кеңес барысын түйіндей отырып, Р.Ғабдуллина «Біз бұл жай ғана заңды құжаттың мәтіні емес, Қазақстанның болашақ іргетасы екенін түсінуіміз керек. Ол әділетті мемлекеттің жаңа бағытын анықтайды. Менің ойымша, бұл біздің саналы таңдауымыз және жалпы жауапкершілігіміз» – деп атап өтті.