Біз, елдің дамуына саналы ғұмырын арнаған ардагерлер қауымы, Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын мұқият қарап, оны ел болашағы үшін маңызды әрі уақтылы бастама деп бағалаймыз.
Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы әділетті мемлекет, жауапты билік және белсенді азаматтық қоғам қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Құжатта адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нақты айқындалып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге басымдық берілген. Бұл – біз ұзақ жылдар бойы қоғамда күткен жүйелі өзгерістердің көрінісі.
О.Бекішев – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
