Ардагерлер үшін ерекше маңыздысы – әлеуметтік әділет, ұрпақтар сабақтастығы және мемлекет тұрақтылығы. Жаңа жобада әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, ұлттық құндылықтарды құрметтеу мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінгенін атап өтеміз.
Сондай-ақ, Конституцияның жаңа жобасы билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл ел дамуының ұзақ мерзімді тұрақтылығы үшін аса қажет.
С.Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
