Жаңа Конституция жобасымен таныса отырып, оның елдің дамуына серпін беретін, қоғамның талабына сай жаңаша көзқараспен әзірленген құжат екенін байқадым. Бүгінгі таңда тұрақтылық пен әділдік – ең басты құндылықтардың бірі. Бұл жобадан халықтың әл-ауқатын жақсартуға деген нақты ниетті, елді бірлікке шақыратын ортақ рухты көріп отырмын. Жаңа бастамалар мемлекетіміздің болашағына сенімді арттырып, азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысуына жол ашады деген ойдамын. Ұрпағымыздың келешегі жарқын, елдің іргесі берік болсын десек, осындай игі қадамдарды қолдаған жөн. Сондықтан жаңа Конституция жобасын құптай отырып, оның елімізді жаңа белестерге жеткізетініне сенемін
Қуанышбек Албаев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
