Мемлекетіміздің болашағына әсер ететін бастамаларға бейжай қарау мүмкін емес. Жаңа Конституция жобасымен танысқаннан кейін оның елдің тұрақтылығын күшейтуге, қоғамдағы әділеттілік пен сенімді арттыруға бағытталғанын анық байқадым.

Қоғамның дамуы үшін азаматтардың құқықтары кеңейіп, мемлекеттік басқаруда ашықтықтың артуы ерекше маңызды деп санаймын. Ұсынылған жобадан дәл осы бағыттағы оң ұмтылысты сезіндім. Бұл — еліміздің жарқын болашағына жасалып отырған игі қадамдардың бірі екені сөзсіз.

Сондықтан да жаңа Конституция жобасын қолдай отырып, оның елдің өркендеуіне нақты үлес қосатынына сенемін

Серік Баймурзин, Зеренді ауданы билер алқасының бас биі