Жаңа Конституция жобасымен танысқан сайын мемлекетіміздің болашаққа батыл қадам жасап жатқанын сеземін. Құжатта елдің бірлігін, азаматтардың теңдігін және қоғамдағы әділдікті күшейтуге бағытталған нақты ұмтылысты байқадым. Бұл — заман талабына сай ойластырылған, елдің дамуына серпін беретін бастама деп ойлаймын.
Мен еліміздің өзгерістерге ашық болып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына әрдайым қуанып отырамын. Бұл жоба дәл осындай оң өзгерістердің алғышарты боларына сенімім мол. Сондықтан жаңа Конституция жобасын дұрыс қадам ретінде қабылдап, оны толық қолдаймын.
З.Қазияқпарова – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
