Онда мемлекеттік институттарды жаңғырту, құқықтық реформаларды тереңдету және ұлттық бірлікті нығайту мәселелері жан-жақты қамтылған. Құжат қоғамның әртүрлі топтарының пікірін ескеруге тырысқан, бұл — оның инклюзивті сипатының дәлелі. Мұндай тәсіл қоғамдық сенімді күшейтіп, еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Меніңше, бұл бастама Қазақстанның әлемдік даму үрдістеріне сай болуына зор ықпал етеді.
Серік Баймурзин, Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
