Жаңа Конституция жобасын зерделеген сайын оның қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға арналғанын түсінемін. Құжат билік тармақтарының өзара теңгерімін сақтауды басты мақсат етіп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға нақты механизмдер ұсынады. Әсіресе сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған нормалар қоғамдағы сенімділікті арттырады деп ойлаймын. Бұл тек саяси тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға да ықпал етеді. Конституцияның заманауи мазмұны еліміздің құқықтық мемлекет ретіндегі беделін арттыруға мүмкіндік береді.

Серік Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі