Құжатта азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері нақты көрсетілген, ал билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікке баса назар аударылған. Мен үшін маңыздысы – заң үстемдігін қамтамасыз ететін нормалардың енгізілуі, өйткені бұл қоғамдағы әділеттіліктің негізін қалыптастырады. Сондай-ақ Конституция халыққа өз пікірін білдіруге және шешім қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік береді. Мұның барлығы еліміздің саяси тұрақтылығын күшейтіп, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады деп сенемін.
Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
