Бұл құжатта отбасы институтының маңызын арттыруға, әлеуметтік әл-ауқатты күшейтуге және әрбір азаматтың, әсіресе балалар мен жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған тұстардың нығайтылғаны қуантады.

Біз үшін ең маңыздысы — еліміздің болашағының жарқын болуы. Жоба қоғамдағы әділдікке, ашықтыққа және жауапкершілікке деген сенімді күшейтеді. Аналар қауымы атынан айтарым, осындай өзгерістер ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдағы тұрақтылық пен ізгілікке оң әсер етеді деп сенеміз. Еліміздің жаңа даму кезеңіне қадам басуына бұл бастама үлкен мүмкіндік береді.

Гүлнар Ибраева- Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы