Конституцияның жаңа редакциясы елдің құқықтық дамуындағы жаңа кезеңді меңзейді. Онда мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген жаңа құқықтық тетіктер ұсынылған. Құжатта биліктің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, құқық үстемдігін күшейту, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нормалар кеңінен қамтылған. Сонымен бірге, мемлекет қызметін халыққа барынша жақындатуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағытындағы бастамалар айқын көрініс тапқан. Бұл өзгерістер елдегі тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға да мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа Конституция жобасы еліміздің болашағына бағытталған тарихи қадам ретінде бағалануы тиіс.
Серік Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
