Конституцияның жаңартылған жобасы азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге және олардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Қоғамдағы әртүрлі пікірлер мен ұсыныстардың ескерілуі – құжатты дайындау үдерісінің ашық әрі демократиялық екенінің дәлелі. Ұсынылған жоба мемлекеттік органдардың қызметін тиімді ұйымдастыруға, билік тармақтарының өзара теңгерімін сақтауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ететін бірқатар нормаларды қамтиды. Сонымен бірге, бұл жоба қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді арттыруды көздейді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесінің жаңа деңгейде қарастырылуы – құжаттың басты артықшылықтарының бірі.
Гүлнар Ибраева- Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
