ҚР Конституциясының жаңа жобасы – еліміздің құқықтық жүйесін заман талабына бейімдеп, оны жаңаша мазмұнмен толықтыруға бағытталған маңызды бастама. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістер мемлекет құрудың жаңа тетіктерін талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа жоба мемлекетті басқарудағы ашықтықты күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын күшейтуге, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға нақты мүмкіндік береді. Құжатта адам мен азаматтың негізгі құқықтарын қорғау басты құндылық ретінде қарастырылуы – қоғамның дамуына зор серпін беретін фактор. Бұл өзгерістер Қазақстанның өркениетті құқықтық мемлекет ретіндегі ұстанымын айқын көрсетеді.
Қуанышбек Албаев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
