Ұсынылған бастамалар мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға, халықтың билікке қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғаны айқын көрінеді. Әсіресе заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы тепе-теңдік тетіктері, сондай-ақ сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға қатысты қағидалар назарымды аударды. Мен құжат мазмұнын талдай отырып, оның ел болашағына ықпалын пайымдауға тырыстым. Сонымен қатар, реформалардың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа әсерін бағамдап, әлемдік конституциялық даму тәжірибесімен салыстырып қарастырдым. Бұл үдеріс менің құқықтық мәдениетімді арттырып, стратегиялық ойлау қабілетімді кеңейтті.
Ж.Мұғжанов – Зеренді ауданының Құрметті азаматы

