Конституцияның жаңа жобасы – бұл еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық әрі тарихи қадам. Әрбір мемлекеттің дамуы оның құқықтық негізіне байланысты болса, біздің ел үшін бұл құжат жаңару мен жаңғырудың айқын көрінісі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қабылданған жаңа Конституция қоғамдағы өзгерістерге жауап беріп қана қоймай, мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Ол әділеттілік, теңдік және ашықтық қағидаттарын басты орынға қойып, елдің саяси жүйесін заман талабына бейімдейді.
Бұл құжаттың маңыздылығы – оның болашақ ұрпақ үшін берік негіз қалауында. Жаңа Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін одан әрі нығайтып, экономикалық және әлеуметтік дамуға серпін береді. Әсіресе, азаматтардың құқықтарын қорғау мен қоғамдағы жауапкершілікті арттыру бағытында бұл құжаттың рөлі ерекше. Сондықтан жаңа Конституцияны тек заңдар жиынтығы емес, Қазақстанның жарқын болашағына бастайтын жол картасы деп бағалауға толық негіз бар.
С. Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
