Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы — еліміздің жарқын болашағына бағытталған сенімді әрі маңызды бастама. Бұл жоба әлі қабылданбағанымен, ол қоғамда үлкен үміт пен сенім тудырып отыр. Өйткені кез келген мемлекеттің дамуы оның құқықтық негізінің беріктігіне байланысты. Ал жаңа жоба сол негізді заманауи талаптарға сай жетілдіруге бағытталған.
Қазіргі таңда бұл құжат жан-жақты талқыланып, түрлі ұсыныстар мен пікірлер ескерілуде. Бұл — елімізде ашықтық пен азаматтық белсенділіктің артып келе жатқанын көрсетеді. Әрбір азаматтың ойы маңызды екенін сезінуі — мемлекеттің дамуы үшін аса құнды құбылыс. Осындай кең ауқымды қоғамдық талқылау елдің бірлігі мен ортақ жауапкершілігін нығайтады.
Конституцияның жаңа жобасы – еліміздің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және болашақ ұрпаққа берік құқықтық негіз қалдыруға зор ықпал етеді деп сеніммен айтуға болады. Бұл — Қазақстанның жаңа белеске көтерілуіне мүмкіндік беретін тарихи қадамдардың бірі.
О. Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы