Жаңа Конституция жобасы – соңғы жылдары қоғамда жинақталған талаптар мен ұсыныстарға құқықтық тұрғыдан жауап беруге арналған бастама ретінде қабылдануда. Қоғамда әлеуметтік әділдікке, биліктің ашықтығына, мемлекеттік институттардың тиімділігіне деген сұраныс күшейген сайын, негізгі заңды қайта қарау қажеттілігі айқындала түсті. Осы тұрғыдан алғанда, жоба – тек формалды түзету емес, елдің даму бағытын заманауи талаптарға бейімдеу мақсатындағы кешенді қадам.

Құжатта азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, билік тармақтарының өзара бақылау және тепе-теңдік жүйесін күшейту, мемлекеттік басқару сапасын арттыру сияқты маңызды мәселелер қамтылған. Сонымен бірге, әлеуметтік саясатты жаңарту, жастар мен осал топтарды қолдау, экономиканың әртараптануына құқықтық негіз жасау нормалары да көрініс тапқан.

Бұл жоба қабылданса, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім артып, тиімді басқару мәдениеті қалыптасуына мүмкіндік туады. Жалпы алғанда, Конституция жобасы – елдің жаңаруына, саяси жүйенің жетілуіне және қоғамның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды өзгеріс.

Серік Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі