Бұл құжат тек құқықтық нормаларды жаңарту үшін емес, қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін қажет. Жобаға енгізілген өзгерістер азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын күшейтуді, билік тармақтарының өзара жауапкершілігін арттыруды және әлеуметтік саясатты жаңғыртуды көздейді.
Құжатта халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нормалар ерекше назарға алынған: аймақтардың дамуындағы теңгерімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау тетіктерін нақтылау, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселелері жүйелі түрде қарастырылған. Сонымен бірге, Конституцияның жаңаруы мемлекеттік органдардың ашықтығын нығайтып, қоғам мен билік арасындағы байланыс мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттің болашақтағы саясатын айқындайтын стратегиялық құжат. Ол елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жаңа деңгейге шығаруды мақсат етеді. Сондықтан бұл жоба қоғамның сенімін арттыруға және мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Қуанышбек Албаев , Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшесі