Жаңа Конституция жобасы — ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған маңызды стратегиялық құжат. Біз, ардагерлер, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды көрген буын ретінде, мемлекет тұрақтылығы, заң үстемдігі және халық бірлігі ең басты құндылықтар екенін жақсы түсінеміз. Осы тұрғыда ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны көңіл қуантады.
Конституцияның жаңаруы — уақыт талабы. Қоғам дамыған сайын заңнаманың да соған сай жетілдірілуі заңды құбылыс. Жоба елдегі әлеуметтік әділеттілікті нығайтып, халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл қадамдар болашақ ұрпаққа берік құқықтық негіз қалдырып, тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа белесін айқындайды.
Сондықтан біз, аға буын өкілдері, Конституция жобасын жан-жақты талқылап, ел болашағы үшін жауапкершілікпен қолдау көрсету маңызды деп есептейміз.
О.Бекішев -Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы