Жаңа Конституция жобасы — қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды құжат. Біз, Аналар кеңесінің мүшелері, елдің ертеңі — балаларымыздың қауіпсіз, әділетті әрі мүмкіндігі тең қоғамда өмір сүруі деп білеміз. Осы тұрғыда Конституция жобасында азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдауды күшейту және отбасы институтының рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылғаны маңызды.
Құжатта қоғамдағы өзара құрмет, заңға бағыну және жауапкершілік қағидаттарының күшеюі — ұрпақ тәрбиесіне де оң әсер етеді. Себебі әділетті мемлекетте ғана саналы, білімді және отансүйгіш жас буын қалыптасады. Бұл — тәуелсіз Қазақстан болашағының берік кепілі.
Сондықтан біз, аналар қауымы, Конституция жобасын қолдау — елдің тыныштығы мен балаларымыздың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам деп санаймыз.
Г.Ибраева – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы
