Өлім жазасының жойылуы, Конституциялық Соттың құрылуы және адам құқықтарын қорғаудың күшеюі біздің мемлекетіміздің өркениет көшінен нық орын алатынын көрсетеді. Бұл реформалардың әрбір тармағы қарапайым халықтың игілігіне, әділдік пен теңдікке бағытталған.
Референдум күні біздің қолымызда елімізді жақсы жаққа өзгертетін құдіретті күш – дауыс беру құқығы бар. Бұл күнді үлкен қуанышпен, нық сеніммен қарсы алуымыз керек. Біз жасаған таңдау мемлекетіміздің гүлденуіне, экономикамыздың өсуіне және әрбір шаңырақтың бақытты болуына жол ашады. Өз таңдауыңды жасап, тарихты бірге жазайық! Ертеңгі күнге деген сеніміміз нық болсын, өйткені Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда!
Қуанышбек Албаев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
