Жаңа Конституция – бұл еліміздің саяси жүйесіне соны серпін беретін нағыз демократиялық жаңарудың бастауы. Біз суперпрезиденттік үлгіден бас тартып, халықтың үніне құлақ асатын, әрбір азаматтың пікірі құнды болатын теңгерімді жүйеге бет алдық. Бұл өзгерістер Парламенттің рөлін арттырып, билік пен бұқара арасындағы алтын көпірді нығайта түспек.
Мұндай ауқымды реформалар ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтың арқасында ғана жүзеге асады. Референдум бізді ортақ мақсатқа жұмылдырып, «Жаңа Қазақстанды» құруға шақырады. Бұл – үміт пен сенімнің мерекесі! Әрбір адамның таңдау жасауға құқылы болуы – үлкен мәртебе. Олай болса, осы тарихи сәттен қалыс қалмай, еліміздің жаңа белестерді бағындыруына өз үлесімізді қосайық. Біздің таңдауымыз – біздің жеңісіміз!
Оралбек Бекішев-Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы
