Бүгін біз тек жаңа заңдарды талқылап қана қоймай, еліміздің тарихындағы ең игілікті де бақытты кезеңдердің біріне қадам басып тұрмыз. Алдағы референдум – бұл біздің арманымыздағы Қазақстанды құруға берілген тамаша мүмкіндік. Әрбір ана өз баласының жүзінен қуаныш көруді, оның ашық аспан астында, әділ де гүлденген мемлекетте өскенін қалайды. Жаңа Конституция жобасы дәл осы асыл армандардың орындалуына жол ашатын үміт шырағы іспеттес. Біз бүгін жаңару мен жаңғыру жолына түстік, бұл жол – әрбір шаңыраққа береке, әрбір балаға бақыт сыйлайтын ақ жол!
Біздің халқымыз қашан да «Бірлік бар жерде — береке бар» деп, ауызбіршіліктің құдіретіне сенген. Референдум – бұл біздің осы ынтымағымызды паш ететін, болашаққа бірге қол ұстасып аттанатын үлкен мерекеміз. Әрбір ананың сайлау учаскесіне күлімдеп барып, өз таңдауын жасауы – бұл өз ошағының бағына, балаларының жарқын ертеңіне деген зор сенімі. Біз бірлескенде ғана кез келген биікті бағындыра алатын, тау қопаратын қуатты күшпіз. Референдум – жарқын болашаққа бастар ортақ қадамымыз, бұл күні біз еркін де өркендеген, әрбір азаматы бағаланатын Қазақстанның іргетасын бірге қалаймыз.
Әрбір жасалған таңдау – бұл ертеңгі күнге деген үлкен үміт пен сенімнің белгісі. Сіздің дауысыңыз – бұл балаларымыздың сапалы білім алуына, жастардың биік белестерді бағындыруына және еліміздің әлем алдында мерейі үстем болуына қосылған үлес. Аналық жүрекпен айтарым: біздің болашағымыз өте жарқын, өйткені біз біртұтас халықпыз! Бұл тарихи сәтте ешкім бей-жай қалмай, еліміздің гүлденуіне өз үлесін қосатынына сенімім кәміл. Келіңіздер, бәріміз бірге, көтеріңкі көңіл-күймен және ертеңгі күнге деген нық сеніммен өз таңдауымызды жасайық! Біздің бірлігіміз – бақытты ұрпақтың кепілі!

Гүлнар Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы