Мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, басқару жүйесінің қыр-сырымен таныс азамат ретінде айтарым – кез келген мемлекеттің мықтылығы оның негізгі заңының әділдігінде жатыр. Бүгінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде аға буынның атынан бұл реформалардың маңыздылығына ерекше тоқталып өткім келеді. Конституциялық өзгерістер – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтудың, билік институттарының жауапкершілігін арттырудың басты кепілі. Біз, тәжірибелі ардагерлер қауымы, елдегі тұрақтылық пен заң үстемдігінің қаншалықты құнды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан алдағы 15 наурыз күні өтетін саяси науқанға бейжай қарауға болмайды. Бұл күні әрбір азаматтың таңдауы елдің алдағы даму бағытын айқындайды. Есіңізде болсын, 15 наурыз – әрбір дауыс маңызды, әрбір азаматтың үні ескерілуі тиіс. Біз бүгін тек заңды жаңартып қана қоймай, болашақ ұрпақ еркін әрі әділетті қоғамда өмір сүруі үшін негіз қалап жатырмыз. Барша отандастарымды осы тарихи сәтте бірлік танытып, азаматтық белсенділік көрсетуге және өз таңдауын жасауға шақырамын.

Оралбек Бекішев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы