Ата Заңымызға енгізіліп жатқан толықтырулар мен реформалар — бұл ең алдымен әрбір шаңыраққа жақсылық, әрбір азаматқа жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын жарқын болашақтың бастауы. Бұл өзгерістерді біз Әділетті Қазақстанның ақ таңы, ел дамуының жаңа белесі ретінде зор қуанышпен қарсы аламыз.
Жаңа Конституция — бұл әділдіктің, теңдіктің және ашық қоғамның кепілі. Реформалардың басты мұраты — мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтып, әрбір адамның құқығы мен арман-мақсатын алдыңғы орынға шығару. Біз, көпті көрген аға буын, ел іргесінің беріктігі мен бірлігіміздің нығая түскеніне шын жүректен қуанамыз. Мұндай оң қадамдар мемлекетіміздің әлеуетін арттырып, еңсемізді тіктей түсетіні сөзсіз. Бұл — тек заңның жаңаруы емес, бұл — үмітіміздің оянуы, ертеңгі күнге деген нық сенімнің орнығуы.
Ел тарихындағы осындай шуақты кезеңде әрбір азаматтың үлес қосуы — ортақ қуаныш. Біз бірлесе отырып, ынтымағы жарасқан, заңы үстем, халқы бақытты мемлекет құра аламыз. Әрбір жасалған таңдау, әрбір білдірілген қолдау — болашақ ұрпаққа қалдыратын баға жетпес аманатымыз. Осы тарихи сәтте баршаңызды бірлік танытуға, мемлекетіміздің жаңа белеске көтерілуіне атсалысуға және жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырамын. Біздің бірлігіміз бен жақсылыққа деген талпынысымыз — гүлденген Қазақстанның басты тірегі.

Қуанышбек Албаев -Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшесі