Бүгін Зеренді ауданының белсенді жастары Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылау мақсатында бас қосты. Кездесу барысында қатысушылар құжаттың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту, сондай-ақ елдің саяси жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Жастар Конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына әсері, әсіресе білім, еңбек, әлеуметтік қолдау салаларындағы жаңашылдықтар туралы өз ойларын ортаға салды. Ашық диалог форматында өткен жиын ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын белсенді жастардың азаматтық ұстанымын көрсетті.
Осындай кездесулер қоғамда құқықтық мәдениетті арттырып, маңызды мемлекеттік шешімдерге жастардың қатысуын күшейтуге ықпал етеді.