Қоғамда ол жайлы пікірлер әртүрлі болғанымен, ең бастысы – бұл бастаманың өзегі елдің ұзақмерзімді бағыт-бағдарын айқындауға тырысатыны сезіледі.
Жобада ұсынылған тұжырымдамалық идеялар ел басқару жүйесін жаңғыртуға, билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған. Бұндай қадамдар азаматтардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін ғана емес, мемлекеттің халық алдындағы міндетін де айқын көрсетеді. Яғни құжаттың рухы қоғамға жаңа серпін беруді, демократиялық мәдениетті тереңдетуді көздейді.
Сонымен бірге, бұл жоба – бір күндік шешім емес. Қоғамның әр тобының пікірін ескеріп, ашық талқылау арқылы қалыптасуы оның шынайы құндылығын арттырады. Елдің болашағына бейжай қарамайтын азаматтар үшін мұндай мүмкіндік маңызды: олар елдің құқықтық іргетасы қандай болатынын қалыптастыруға қатыса алады.
Жаңа конституция жобасы – даму жолында тұрған қоғам үшін өзекті әрі қажетті бастама. Ол заман талабына жауап беруге талпынып, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің символына айналуы мүмкін. Ең маңыздысы – бұл құжат шынайы өмірде халықтың сенімін ақтап, елдің тұрақты және әділ дамуына негіз бола алуы.
С. Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
