Құжаттың ұсынылуы – мемлекет өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басуға дайын екенінің белгісі. Ең құндысы – халықтың пікіріне құлақ асу, қоғамдық талқылау жүргізу. Бұл – демократиялық сана-сезімнің қалыптасуын нығайтатын үрдіс.

Конституция жобасы тек заңдық нормалар жиынтығы емес, елдің болашақта қандай құндылықтарға сүйенетінін көрсететін идеологиялық бағдарша іспетті. Сондықтан да оның маңызы тек мемлекеттік институттар үшін емес, әрбір азамат үшін зор. Егер жоба қоғамның үмітін ақтап, оның талаптарына сай келсе, бұл еліміз үшін жаңа сенім және жаңа мүмкіндіктер кезеңін ашады

О. Бекішев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы