өйткені мұндай құжат тек биліктің емес, тұтас халықтың келісімін қажет етеді. Жоба ұсынылуы – елдің саяси жүйесін уақыт талабына бейімдеу ниетінің айқын көрінісі. Бұл өз кезегінде қоғамдағы азаматтық белсенділіктің артуына, мемлекеттік реформаларға деген сенімнің қалыптасуына әсер етеді.

Осы пікірлер мен талқылаулардың нәтижесі 15-і күні өтетін референдумда айқындалатыны белгілі. Бұл — ел үшін маңызды кезең, себебі шешім тек бүгінге емес, болашақ ұрпаққа да ықпал етпек.

Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен болашағының негізгі саяси-құқықтық негізі. Сондықтан кез келген жаңа жоба елдің ұзақ мерзімді мүддесіне қызмет етуі тиіс. Осы тұрғыдан қарағанда, жаңа конституция жобасы қоғамдық дамуға жаңа тыныс беруді мақсат етеді. Халық оның мазмұнын қабылдап, оны ортақ құндылық ретінде сезінсе, бұл елдің алдағы саяси эволюциясына оң ықпал етеді

Г. Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы