Жобада адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайту мәселелері нақты көрініс тапқан. Бұл өзгерістер азаматтардың мемлекеттік басқаруға сенімін арттырып, қоғамдық келісімді нығайтады.
Осындай қадамдар Қазақстанның демократиялық даму жолын жалғастырып, құқықтық мемлекет қағидаларын іс жүзінде бекітуге бағытталған. Референдум арқылы қабылдануы – Конституцияның халықтың еркіне сүйенетінін көрсететін маңызды тетік.
О.Бекішев -Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
